Соттардын авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір зан нормаларын қолдануы туралы (2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сот тәжірибесінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы кейбір заң нормаларын біркелкі түсіну және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, қойылымдар, орындаулар, фонограммалар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын жасау және пайдалануға байланысты туындаған қатынастар (авторлық құқықтар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен (бұдан әрі-АК), «Авторлық кұқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі-Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген ережелерге қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас кұқықтарды қорғауды күшейтетін заң актілері қолданылады. 2. Авторлық құқықтар АК 972-бабында, Заңның 7-бабында көрсетілген ғылым, әдебиет және өнер туындылары түрлерінің автордың (тең авторлардын) санаткерлік шығармашылық еңбегімен объективтік нысанда жасалу фактісіне қарай туындайды және туындынын уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан қолданылады. Авторлық құқықтар туындының мазмұны мен маңызына, берілу әдісі мен нысанына, сондай-ақ, халыққа жария етілген-етілмегеніне қарамастан қолданылады. Егер туындының бөлігі (атауы, кейіпкерлердің аттары) шыгармашылық жұмыстың нәтижесі болып табылса және оны дербес пайдалану мүмкін болса, онда авторлық құқықтар тұтастай туындыға ғана емес, оның осы бөлігіне де жүреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|