«Жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9173 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.»; Жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтары мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық зерттеп-қарау жүргізілуін нақтылайды.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жұмысы мыналардан: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|