Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды; 2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды; 3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары: 1) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасасын; 2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|