Жангелдин ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 529-бабының 6 тармағына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жангелдин ауданының салық салу объектісінің елді мекендеріндегі орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін. 2. «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
2024 жылғы 29 қарашадағы № 166 қаулысына қосымша
Жангелдин ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|