Пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 3. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 299 бұйрығымен бекітілген
Пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға ереже
1. Осы пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия туралы ережелер (бұдан әрі - Ережелер) пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жұмыстарының мақсаттарын, міндеттерін және ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 2. Комиссия өз қызметінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережелерді басшылыққа алады. 3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты Кодекс күшіне енгізгенге дейін жасасқан, пайдалы қатты қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне өту мәселелерін қарау болып табылады. 4. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітіледі.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен құзыреттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|