1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымың құру туралы
ҚР 2015 жылғы 12 қазандағы № 356-V Заңымен ратификациялады
Кіріспе
Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің (бұдан әрі «ДСҰ келісімі» деп аталатын) XII бабына сәйкес берілген Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас кеңесі мақұлдауының негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі «ДСҰ» деп аталатын) және Қазақстан Республикасы (бұдан әрі «Қазақстан» деп аталатын) 2015 жылғы 23 маусымдағы WT/ACC/KAZ/93 құжатында ұсынылған Қазақстан Республикасының ДСҰ келісіміне қосылуы туралы Жұмыс тобының баяндамасын (бұдан әрі «Жұмыс тобының баяндамасы» деп аталатын) назарға ала отырып, Қазақстанның ДСҰ келісіміне қосылуы туралы келіссөздердің нәтижелерін ескере отырып, Төмендегілер туралы уағдаласады:
1. 8-тармаққа сәйкес осы Хаттаманың күшіне енуімен Қазақстан көрсетілген Келісімнің XII бабына сәйкес ДСҰ келісіміне қосылады және осылайша ДСҰ мүшесі болады. 2. Қазақстан қосылатын ДСҰ келісімі осы Хаттама күшіне енген күнге дейін күшіне енуі мүмкін осындай құқықтық құжаттармен енгізілген түзетулермен, түзетпелермен және өзге де өзгерістермен бірге көрсетілген Келісіміне түсіндірме ескертпелерді қоса алғанда, ДСҰ келісімі болып табылады. Жұмыс тобы баяндамасының 1175-тармағында көрсетілген міндеттемелерді қамтитын осы Хаттама ДСҰ келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады. 3. Егер жұмыс тобы баяндамасының 1175-тармағында өзгеше көзделмесе, көрсетілген Келісім күшіне енген кезден басталатын уақыт кезеңі ішінде орындалуға тиіс ДСҰ келісіміне қосымша болып табылатын көпжақты сауда келісімдері жөніндегі міндеттемелерді Қазақстан Республикасы көрсетілген Келісімді ол күшіне енген күнінен бастап қабылдағандай орындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|