Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығы
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру мақсатында және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеге, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы 2022 жылғы 1 наурызға дейін медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, оның медициналық санитариялық алғашқы көмек қызметкерлерін кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру компонентін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлесін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|