Осы редакция 2016 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 қаулысымен бекітілген
«Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - ЖАО) кеңсесі; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы (бұдан әрі - рұқсат беру) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық түрінде.
2. Мемлекеттiк көрсетілген қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бектіліген «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 қосымшасына сәйкес өтініш беру негізі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|