Түркістан облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 17/209-VII шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІК: 1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 14 қыркүйектегі №17/209-VII шешімімен бекітілген
Түркістан облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары
1. Осы Түркістан облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Түркістан облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға; 2) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам; 3) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері; 4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|