ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.И. ИСИМБАЕВА жүргізді.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Доброе утро, уважаемые коллеги! Прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойыиша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ. Онда күн тәртібі дауысқа қойылады. Дауыс беру режимі қосылсын. Күн тәртібі бекітілді. Енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Әбдіров Нұрлан Мәжитұлына беріледі.
ӘБДІРОВ Н.М. Құрметті Гүлмира Истайбекқызы! Құрметті әріптестер! Бұл заң жобасы ішкі істер органдарының жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ құқық бұзушылықтар профилактикасы мен тұрмыстық және рецидивтік қылмысқа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етумен байланысты шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Заң жобасының негізгі ережелері мыналар болып табылады: 1) жаңадан құрылған бөліністі полиция департаменттері деп қайта атай отырып, ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметін біріктіру; 2) Ішкі істер министрлігіне бағыныстылықпен полиция департаменттерін ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінде сақтау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|