|
Астана қаласында жазғы алаңдарды орнату қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 42) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана қаласында жазғы алаңдарды орнату қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 30 қаңтардағы № 502-239 қаулысына қосымша
Астана қаласында жазғы алаңдарды орнату қағидалары
1. Осы Астана қаласында жазғы алаңдарды орнату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 42) тармақшасына сәйкес әзірленді және Астана қаласының аумағында жазғы алаңдарды орнату тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады: 1) аумақты абаттандыру элементтері - абаттандырудың құрамдас бөліктері ретінде пайдаланылатын сәндік, техникалық, жоспарлау, конструктивтік шешімдер, ландшафт элементтері, жабдықтар мен ресімдеудің түрлері, шағын сәулет объектілері, стационарлық емес құрылыстар, сыртқы жарнама және ақпарат, сондай-ақ қалалық орта субъектілерін ұйымдастыру жүйесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|