|
«Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 1546 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 1546 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7433 болып тіркелді) мынадай өзгертулер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы»; қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.»; Көрсетілген қаулымен бекітілген Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|