Батыс Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және олардың атауларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абай есімі берілсін. 2. Батыс Қазақстан облысындағы мынадай білім беру ұйымдарының атаулары өзгертілсін: 1) «Дариян мектеп-гимназия-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Абай атындағы мектеп-гимназия-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 2) «Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|