Қазақстан Республикасына коронавирустық инфекцияның жаңа типінің әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабты құру туралы (2020.28.08. берілген өзгерістермен)
Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типі (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, Қазақстан Республикасына коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасына коронавирустық инфекцияның жаңа типінің әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штаб құрылсын. 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасына коронавирустық инфекцияның жаңа типінің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша республикалық штабтың (бұдан әрі – Штаб) құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес штаб жұмысының өзара іс-қимыл алгоритмі және функцияларды бөлу бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет): 1) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына, мүдделі ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдарға жіберсін; 2) штабтың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. 4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша) бір күн мерзімінде өңірлік штабтарды құрсын және коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарын бекітсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|