|
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 10-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Обучение грамоте» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген). 2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А. Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады: 1) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; 2) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу. 3. «Обучение грамоте» (Забони модарӣ) оқу пәнінің мақсаты - білім алушының оқу-жазу дағдыларын жетілдіру және тілін дамыту. 4. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді: 1) сөзді тұтас оқуға, мәтінді түсініп оқуға, мәнерлеп оқуға және шапшаң оқуға машықтандыру; 2) жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, көркем жазу) қалыптастыру; 3) сөздік қорын байыту; 4) коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру; 5) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдау дағдыларын дамыту; 6) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу; 7) кітап оқуға қызығушылығын ояту, сөз өнеріне баулу; 8) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|