Осы редакция 2017 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну баламалы түрде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес беріледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен, қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілу күнін белгілеуі туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.