| ||||||||||||||||||||
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 132-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім): 1) 235-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуге байланысты қатынастар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.»; 2) 380-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуге байланысты кез келген шарттарды «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамай жасасуға тыйым салынады.»; 3) 390-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуге байланысты алдын ала шарттарды «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамай жасасуға тыйым салынады.». 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 651-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуді көздейтін мәміле «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс мердігерлігі шартына жатпайды.»; 2-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде: 2-1) тармақша «тұрғын үй төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын: «2-4) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;»; 2-тармағының 3) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) 741-баптың екінші бөлігінде: 2-1) тармақша «тұрғын үй төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын: «2-4) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;». 3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: 3-баптың 28) тармағы «; автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар» деген сөздермен толықтырылсын. 4-тармақ 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацындағы «тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздер «тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен ауыстырылсын. 5-тармақ 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацындағы «тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздер «тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. 2023 жылғы 20 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне: 1) 12-баптың 5) тармақшасында: жиырма үшінші абзац «тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді» деген сөздермен толықтырылсын; жиырма төртінші абзацтағы «қызметтерді берушілерді» деген сөздер «қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді» деген сөздермен ауыстырылсын; жиырма алтыншы абзац «тауарлардың жəне (немесе) көрсетілетін қызметтердің» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 18-бап мынадай мазмұндағы 34-3) жəне 34-4) тармақшалармен толықтырылсын: «34-3) мүгедектігі бар адамдар əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың жəне (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау əдістемесіне сəйкес жергілікті бюджет қаражатынан мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу; 34-4) əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру;»; 3) 19-бап мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын: «20-2) əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру;»; 4) 166-бапта: 1-тармақ «тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ «тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді», «тауарларды жəне көрсетілетін қызметтерді» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 167-бапта: 1-тармақ «тауарларды жəне (немесе) көрсетілетін қызметтерді» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ «Тауарларды жəне (немесе) көрсетілетін қызметтерді» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жергілікті атқарушы органдар: 1) мүгедектігі бар адамдарға əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлардың жəне (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім беруші мəлімдеген сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының жəне көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сəйкестігін; 2) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіппен талаптарға сəйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.»; 5-тармақ «тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақта: бірінші бөлік 10) тармақшасындағы «құжаты бар өнім берушілер тіркеледі.» деген сөздер «құжаты бар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тұрған жəне автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган белгілеген талаптарға сəйкес келетін өнім берушілер тіркеледі.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 8), 9) жəне 10) тармақшаларының талаптары мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.»; 7-тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «шығарған жағдайларда шығарылады.» деген сөздер «шығарған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен шығарылған жағдайларда шығарылады.»; 6) 168-бапта: тақырып «тауарлармен жəне көрсетілетін қызметтермен» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: «Мүгедектігі бар адамдар» деген сөздер «Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тапсырыстарды мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында көрсетілген, мүгедектік белгілеу мерзіміне əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы берілген дəрігерлік-консультациялық комиссияның жарамды қорытындылары бар мүгедектігі бар адамдар жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мүгедектігі бар адамның əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар сатып алатын тауарлардың жəне (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау əдістемесінің негізінде мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын өтетуге құқығы бар. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома жергілікті атқарушы органдар айқындайтын мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді.»; 5-тармақтағы «Тауарлардың» деген сөз «Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 169-бапта: тақырып «тауарлармен жəне көрсетілетін қызметтермен» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) комиссияның қорытындысы негізінде тұрғылықты жері бойынша мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер болмаған;»; 2) тармақша «тауарлармен жəне көрсетілетін қызметтермен» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен» деген сөздермен толықтырылсын. 7. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 34-бап мынадай мазмұндағы 5-6-тармақпен толықтырылсын: «5-6. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға салынып жатқан көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пəтерді жəне (немесе) тұрғын емес үй-жайды немесе жеке тұрғын үйді, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз немесе «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғаның жəне (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарту есебінен сатып алуға ипотекалық қарыздар беруге тыйым салынады.»; 7-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздер «тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармағының 3) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде: 2-1) тармақша «тұрғын үй төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын: «2-3) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;». 8. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 5-2-баптың 4-1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) банктік қарыз операцияларын: «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартты алған салынып жатқан көппəтерлі тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үйлер кешенінде осы қарызды қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы үлесті сатып алу үшін ақылылық, мерзімділік жəне қайтарымдылық шарттарымен қарыздар беруді жүзеге асыруға;»; 2) 28-баптың 1-тармағы «мерзімді баспа басылымдарында» деген сөздерден кейін «жəне кепіл ұстаушының интернет-ресурсында» деген сөздермен толықтырылсын. 9. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 9-тармағының 1) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 10-37) жəне 10-38) тармақшалармен толықтырылсын: «10-37) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан əрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 10-38) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан əрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асырады;»; 2) 52-баптың 7-тармағы алып тасталсын. 10. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 16-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы «көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын. 11-тармақ 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 11. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-4) тармақшамен толықтырылсын: «3-4) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын бекітеді;»; 2) 43-баптың 3-тармағы алып тасталсын. 12. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын: «15-3) жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы - жол органының жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар жөніндегі ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйесі;»; 2) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 42-1) жəне 42-2) тармақшалармен толықтырылсын: «42-1) жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын бекіту; 42-2) жол саласы жұмыскерлерінің біліктілігін міндетті арттыру тəртібін бекіту;»; 3) 19-2-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Автомобиль жолдарын жобалау жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.»; 4) 19-3-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау жəне жөндеу жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.»; 5) 19-5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жол-құрылыс материалдары жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы ескеріле отырып қолданылуға тиіс.». 13. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 17-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17-2) инватакси - мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;»; мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын: «17-3) интеллектуалды көлік жүйесі - жол жүрісін жəне тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі жəне жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптары мен жабдықтарының кешені;»; 2) 7-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «пайдалануға» деген сөзден кейін «(егер уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде инватаксидің бүйір есіктерінің санына қойылатын өзге де талаптар қамтылмаса)» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 13-баптың 23) тармақшасы «көлігімен» деген сөзден кейін «(инватаксимен)» деген сөзбен толықтырылсын; 4) 26-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «арнаулы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін ыңғайластырылған кемінде бір таксиінің» деген сөздер «кемінде бір инватаксиінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 14. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 13-баптың 6-тармағында: «бекітілген жобалау құжаттамасындағы» деген сөздер «бекітілген құрылыс жобасындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; «салынып жатқан немесе» деген сөздер алып тасталсын; 2) 14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз немесе «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғалардың жəне (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тартуға бағытталған, сондай-ақ тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген құрылыс жобасындағы сыныптамасына сəйкес келмейтін салынып жатқан көппəтерлі тұрғын үйлерді жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешендерін жарнамалауға тыйым салынады.».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |