Тауарлар бойынша орташа сату бағасын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 19-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тауарлар бойынша орташа сату бағасын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті (М.Б. Әділханов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1325 бұйрығымен бекітілген
Тауарлар бойынша орташа сату бағасын айқындау жөніндегі
1. Осы әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 19-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін әзірленді. 2. Әдістемелік ұсынымдарда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) «Баға мониторингі» модулі - бұл бағаларды талдауға және болжауға арналған мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің орташа құны бойынша ақпарат көрсетілетін мемлекеттік сатып алу веб-порталының кіші жүйесі; 2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - веб-портал); 3) тапсырыс берушілер - мыналарды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|