|
|
|
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыру туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссия отырысының 2022 жылғы 28 қаңтардағы хаттамасын, «Ashyq» жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды және енгізуді жалғастыру: 1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; 2) спа-орталықтары; 3) сауналар, бассейндер; 4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 5) боулинг клубтары; 6) кинотеатрлар; 7) театрлар мен филармониялар; 8) асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері; 9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілерді; 10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; 11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар; 12) бильярд клубтары; 13) концерт залдары; 14) караоке; 15) көрмелер; 16) марафондар; 17) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; 18) әуежайлар; 19) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар; 20) балалар ойын-сауық орталықтары (жабық); 21) отельдер, қонақ үйлер; 22) халыққа қызмет көрсету орталықтары; 23) теміржол вокзалдары және автовокзалдар; 24) базарлар (жабық), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері; 25) сауда желілері (сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес); 26) балаларды сауықтыру ұйымдары (қызметкерлер (персонал)үшін); 27) букмекерлік кеңселер; 28) Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары; 29) меншіктің барлық нысанындағы және ведомстволық тиістіліктегі білім беру ұйымдары(педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылардың келушілері үшін); 30) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтар; 31) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар(педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), келушілер, білім алушылар үшін); 32) діни объектілер; 33) түнгі клубтар; 34) банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері. 2. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері, меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың/кәсіпорындардың басшылары: 1) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі уақыт бойынша жұмыс режимі белгіленбейді; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтиды. 3) осы қаулыға 2 – қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда (вакцинация немесе ревакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тест сынамалар алынған кезден бастап 7 тәуліктен асырмай, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар), эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына («қызыл») сәйкес-эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына; 3) жобаға қатысушылар арасында бұзушылықтардың профилактикасын жүргізу; 4. «Ashyq» жобасының қатысушыларына: 1) «Ashyq» жобасын енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысының талаптарын сақтауды қамтамасыз етсін; 2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтау жалғастырылсын. 5.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6.Осы қаулы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 3 қаулысына 1-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері
«+»- қызметке рұқсат етілген; «а» - қызметке ішінара рұқсат етіледі (шектеулермен); * - келушілердің бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебесі болған кезде объектілерге кіру; ** – тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде-жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 3 қаулысына 2-қосымша
Қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» қауіпсіз мәртебесі бойынша тізбесі
* – тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде-жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |