Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 842/НҚ бұйрығына 3-қосымша
«Ғарыш аппараттары мен ғарыштық жүйелерді жобалау» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Ғарыш аппараттары мен ғарыш жүйелерін жобалау» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда кадрлар даярлауға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және ғарыш аппараттары мен ғарыштық жүйелерді жобалау саласындағы мәселелердің кең ауқымын шешуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы кәсіптік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) ғарыш аппараты - мақсатты міндеттерді шешу, зерттеулер жүргізу және (немесе) ғарыш кеңістігін әртүрлі мақсаттарда пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне ұшыруға арналған техникалық құрылғы; 2) ғарыш жүйесі - ғарыш кеңістігіндегі мәселелерді шешуге арналған функционалдық өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдардың жиынтығы; 3) конструкторлық құжаттама - өнімді әзірлеу, өндіру, бақылау, пайдалану, жөндеу және кәдеге жарату үшін қажетті мәліметтерді қамтитын құжаттар; 4) үшөлшемді модельдеу - компьютерлік бағдарламалық қамтылымды пайдалана отырып, объектіні үш өлшемді кеңістікте модельдеу; 5) автоматтандырылған жобалау және құрастыру (computer aided design - CAD) - өнімді геометриялық модельдеу үшін компьютерлік жүйелерді пайдаланудан тұратын технология; 6) инженерлік талдау - жобаланған бұйымдардың өнімділігін тексеруге, олардың пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ берілген пайдалану жағдайларында өнімділік параметрлерінің сәйкестігін растауға арналған зерттеулердің, модельдеу процестерінің және есептеулердің жиынтығы; 7) математикалық аппарат - есепті шешу үшін қолданылатын формулалар, шарттар, қатынастар жиынтығы. 3. Осы кәсіптік стандартта келесі қысқартулар қолданылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|