Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде ақпараттық-аналитикалық қызметті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде (бұдан әрі - Министрлік) ақпараттық-аналитикалық жұмысты ұйымдастыруға бірыңғай тәсілді қалыптастыру, қызметінің негізгі бағыттары бойынша Мемлекет басшысын, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Министрліктің ақпараттық-аналитикалық қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар); 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомствалар Министрліктің басшылығына ұсынатын аналитикалық ақпараттың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының басшылары: осы Әдістемелік ұсынымдар мен Тізбеге сәйкес ақпараттық-аналитикалық материалдарын дайындауды (құзыреті шегіндегі бағыттар бойынша) және ұсынуды қамтамасыз етсін; ұсынылатын ақпараттың уақтылығы мен сапасы үшін дербес жауапкершілік туралы ескертсін. 3. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс департаменті ұсынылған ақпараттық-аналитикалық материалдарды жүйелі талдауда, басқарушылық және өзге де қызметте пайдалансын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрлерге және Министрліктің аппарат басшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 525 бұйрығына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|