Осы редакция 2019 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017.22.12. № 351 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентімен толықтырылды Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысымен бекітілген
«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешімнің көшірмесі (бұдан әрі - бұйрық жобасы) не 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне тіркелген нөмірі 11276) (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|