«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 389 Қаулысы (2018.26.04. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 22 Қаулысымен күші жойылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.26.06. № 317 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 307 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5805 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте «Қостанай таңы» газетінде жарияланған). 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.26.06. № 317 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 389 қаулысымен бекітілген
«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың мемлекеттік архиві және оның филиалдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|