Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттаудың нәтижелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 14 қазандағы № ҚР-ДСМ-130/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21444 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу қағидаларының 28, 45, 49, 50-тармақтарына сәйкес және 2021 жылғы 17 қарашадағы аттестаттау комиссиясының мүшелерін бағалау парақтарының негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларының және олардың орынбасарлары аттестатталды деп танылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларының орынбасарларын алғашқы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты ай өткен соң тестілеу нәтижелері бойынша қайта аттестаттау өткізілсін. 3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларының орынбасарларын алғашқы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты ай өткен соң әңгімелесудің нәтижелері бойынша қайта аттестаттау өткізілсін. 4. Дәлелді себеппен аттестаттауда болмаған «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Қ.Т. Күсемісовтің алғашқы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты ай өткен соң аттестаттаудан өткізілсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.К. Бүркітбаевқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|