«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында: 49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «49. Сатып алуды табиғи монополия субъектiсi: 1) сатып алуды өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы; 2) сатып алуға қатысу үшiн барлық әлеуетті өнім берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету; 3) әлеуетті өнім берушiлер арасында адал бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып, өткiзедi; 4) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсетіп өткiзедi.»; мынадай мазмұндағы 129-1-тармақпен толықтырылсын: «129-1. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы портал арқылы жүргізіледі. Портал арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың екі кезеңдік рәсімдері мынадай рәсімдерді қамтиды: 1) отандық тауар өндірушілер арасындағы конкурс; 2) конкурс. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|