ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ, КОРЕЙ ОЗЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ (КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ) ЖӘНЕ QAIST UNIVERSITY АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТТІ ҚҰРУ МЕН ДАМЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 437 бұйрығымен мақұлданды
Осы Өзара түсіністік туралы меморандум (бұдан әрі - «Меморандум» деп аталады) 2024 жылғы 27 тамызда (күшіне ену күні): Қазақстан Республикасы Астана қаласы Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, оның мұрагерлері, әкімшілері немесе заңды мұрагерлері бір жағынан; 291 Дехак-ро, Юсон-гу, Теджон, 34141, Корея Республикасы («Корея»), Т. 042-350-2114 F. 042-350-2210 (2220) мекенжайы бойынша орналасқан Корей озық ғылымдар және технологиялар институты («KAIST»), оның мұрагерлері, әкімшілері немесе заңды мұрагерлері екінші жағынан; Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Архат шағын ауданы, 2, 050000 мекенжайы бойынша орналасқан QAIST UNIVERSITY («QAIST»), оның мұрагерлері, әкімшілері немесе заңды мұрагерлері үшінші жағынан арасында жасалған; Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» және жеке «Тарап» деп аталады.
КІРІСПЕ
Осы Меморандум Қазақстан Республикасы Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - «Министрлік»); Корея Республикасы Теджон қаласында орналасқан Корей озық ғылымдар және технологиялар институты (KAIST); Алматы қаласында орналасқан QAIST UNIVERSITY ЖШС-і (бұдан әрі - «QAIST») арасында жасалды. Осы Меморандумда Тараптардың Қазақстанда KAIST үлгісіндегі жаңа университетті құру және дамыту саласындағы ынтымақтастық ниеттері көрсетілген. Тараптар келесі түсінікке қол жеткізді:
1-ТАРМАҚ (МАҚСАТ)
Меморандумның мақсаты корей тарапының ғылыми-техникалық білім беру және зерттеу саласындағы білімі мен тәжірибесін пайдалана отырып, университетті құруға және оның жұмыс істеуіне жәрдемдесу мақсатында Тараптар арасындағы ынтымақтастық үшін негіз құру болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|