«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15325 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-1-бабының 1-тармағына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) 1-қосымшасына сәйкес әзірленген.»; 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) авиация дәрігері - ұшулар қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар тұлғалардың кәсіби, сондай-ақ жүгінгенде авиажолаушылардың денсаулығын қамтамасыз ететін жоғары медициналық білімі және авиациялық медицина саласында даярлығы бар медицина маманы; 2) авиациялық медицина - авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|