Cу қорғау аймақтары, белдеулері, олардың шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына, 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» № 19-1/446 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Белгіленсін: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтары мен белдеулері; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары. 2. Облыстың қала, аудан әкімдері заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) тиісті облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың аумағында орналасқан су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардың шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларының сақталуын; 2) жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келетін күйде ұстауды қамтамасыз етсін. 3. Облыстың қала, аудан әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен су қорғау белгiлерiнің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|