Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 842/НҚ бұйрығына 2-қосымша
«Ғарыштық суреттерді бастапқы өңдеу және сапасын бақылау» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Ғарыштық суреттерді бастапқы өңдеу және сапасын бақылау» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда кадрлар даярлауға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға Жерді қашықтықтан зондтау арқылы алынған ғарыштық суреттерді өңдеу саласында, сондай-ақ олардың сапасын бақылау саласындағы мәселелердің кең ауқымын шешуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі - ғарыш арқылы ғылыми, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және қорғаныс міндеттерін шешу мақсатында жер бетінің беті мен құрылымы туралы кеңістіктік деректерді жинауға, табиғи параметрлер мен құбылыстардың, табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның, сондай-ақ антропогендік факторлар мен түзілімдердің сипаты мен уақытша өзгергіштігін сипаттауға арналған жүйе. 2) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің жердегі сегменті - ғарыш аппараттарын басқаруды, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қабылдауды және өңдеуді, сондай-ақ таратуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның бөлігі. Жерүсті сегментіне бақылау станцияларының желісі, антенналар, деректерді басқару және өңдеу орталығы, ақпаратты сақтау және тарату құралдары кіреді. 3) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш деректерін қабылдау - Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттарынан сигналдарды тіркеу және оларды электрондық файлдарға түрлендіру, сондай-ақ әртүрлі ақпарат тасығыштарда сақтау процесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|