|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисінің кейбір мәселелері туралы (2025.21.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26582 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентіне және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33199 болып тіркелген) бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 13, 74-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1.Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисінің құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Басқарушы комитетінің құрамы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігін жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберінде жобалық рөлдерді бекіту; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігін жобалық басқарудың регламенті бекітілсін. 2. Базалық бағыттардың жетекшілері тиісті базалық бағыттар мен жобалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисін құру туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 72 бұйрығының күші жойылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|