«Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Осы редакция 2022 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. 2. Мыналар: 1) қоғам денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор; 2) қоғамның денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі өкілеттігі; 3) қоғам қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын. 3. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператордың функциялары: 1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларын құруға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған қызметті жүзеге асыру; 2) денсаулық сақтау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және қызмет көрсету мақсаттары үшін инвестициялар мен қарыз алуды тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру; 3) денсаулық сақтау саласындағы жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру; 4) денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және қызмет көрсету жобалары, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру; 5) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына енгізу және трансфертін жүзеге асыру жөніндегі қызметті іске асыру; 6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерін жүргізуге қатысу болып айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|