«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында: 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Баланстан тыс шоттарда мемлекеттік мекемелерге тиесілі емес, бірақ уақытша оның пайдалануындағы немесе билігіндегі құндылықтар, сондай-ақ қатаң есептегі бланктері, жауапты сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар, Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмi деректерімен расталған «Мемлекеттік мүлік туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік мүлік туралы заң) Қазақстан Республикасы заңының 21-бабында көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік, баланстан тыс шоттарда ескерілген демалыс үйлеріне жолдамалар мен басқа да активтер көрініс табады. 610, 620, 630, 640, 650, 660, 670, 680, 690, 700 - жолдары бойынша жолдардың нөмірлеріне сәйкес материалдық құндылықтар, жалға алынған активтер мен басқа де баланстан тыс активтер есепке алынған баланстан тыс активтер санамаланған.»; 79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «79. Қаржылық есептілікке ашылымдарда мынадай ақпарат ұсынылады. «Ақшалай қаражат және олардың баламалары» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 010-жолы): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|