«Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 158 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 158 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 3-4-174 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы №75 шешіміне қосымша
Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 158 шешімімен бекітілген
Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3 бабының 3-1 тармағына сәйкес әзірленді. 2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; 2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|