Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Осы бұйрықтың қолданылуы ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 1 тамыздағы № 143 бұйрығымен 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды
Осы бұйрықтың қолданылуы ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ-109 бұйрығымен 2022 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 93) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп ақы төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19814 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі- дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|