«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану Қағидалары бекітілсін. 2. «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы Н. Ю. Циолковскаяға жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2020 жылғы 24 шілдедегі № 32/01 қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану қағидалары
1. «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды. 2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін: 1) біржолғы ақшалай сыйақы; 2) алғыс жариялау; 3) грамотамен марапаттау; 4) ведомстволық наградалармен марапаттауды қоса алғанда, көтермелеудің өзге де нысандары. 3. Бір ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге тек бір көтермелеу қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|