|
|
|
28.11.2022 Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару (МИБ) саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы
Қабылбаева М.А. «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК-ның азаматтық, азаматтық процестік заңнама, азаматтық атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама, кәсіпкерлік қызмет туралы заңнама бөлімінің бастығы
Соңғы 30 жылда Қазақстанның тұрғын үй саясаты ірі реформалар мен өзгерістерге жиі ұшырады.Бұл 1996 жылда республиканың тұрғын үй қорын жаппай жекешелендіру жүзеге асырылғаннан басталды. Тұрғын үй саласында тұрғын үй құрылысы жинақтары институтын енгізуге, мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу құқығымен тұрғын үй және сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беруге және т.б. байланысты тағы бірнеше ірі реформалар жүргізілді. Сондай-ақ кондоминиум объектілерін басқаруда бірнеше рет өзгеріске ұшырады, олардың соңғысы МИБ немесе жай серіктестік құру арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарын енгізу болды. Қазіргі уақытта тұрғын үй заңнамасын өзгерту жұмыстары жалғасуда. Үкімет пен Мәжіліс депутаттары тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша түзетулердің тағы бірнеше топтамасын дайындады. Тұрғын үй заңнамасына енгізілген көптеген түзетулер, сөзсіз, заң нормаларын қолдану кезінде белгілі бір қиындықтарға әкелетінін атап өткен жөн. Бұл проблеманы қолданыстағы заңнамаға олқылықтардың, коллизиялардың, қайшылықтардың және ескірген нормалардың болуы нысанына тексеру жүргізу арқылы шешіп, сондай-ақ заңнама ережелерін оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажет. Тұрғын үй заңнамасының көптеген салаларының бірі - көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жөніндегі 2020 жылы енгізілген жаңа тетік заңнамалық регламенттеу проблемаларына егжей-тегжейлі тоқталғым келеді. Қабылданған заңға сәйкес, пәтер иелерінің қолданыстағы кооперативтерінің орнына «Меншік иелерінің бір бірлестігі — бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) немесе жай серіктестіктер (ЖС) келеді. Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығының деректеріне сәйкес, 11.11.2022 ж. жағдай бойынша елімізде 40297 көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшіру жүзеге асырылды, оның 3897 МИБ және 36400 ЖС. Мемлекет басшысы атап өткендей, МИБ пен ЖС институтын енгізу жөніндегі реформа тұрғындардың мүлікті басқару, күтіп-ұстауға және жөндеуге қаражат жұмсау кезіндегі есептілігі жөніндегі пікірлерін ескеруді реттеуге арналған. Жалпы алғанда, кондоминиум объектілерін басқарудың енгізілген тетігінің өз артықшылықтары бар, өйткені меншік иелерінің өздеріне үйді басқаруға мүмкіндік беріледі. Алайда құқық қолдану практикасы белгілі бір олқылықтар мен коллизиялардың барлығын анықтады. Осыған байланысты Парламентаризм институты көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы заңнамаға талдау жүргізді. Жүргізілген талдаудың негізінде жою талап етілетін көптеген олқылықтар мен коллизиялар анықталды. Мысалы, заңда жиналысты өткізудің нысандары мен тәртібі нақты белгіленбеген, тек жиналысты өткізу нысаны - жазбаша сауалнама жеке реттеледі. Өзге келу тәртібі, онлайн-жиналыс, бейнеконференция сияқты нысандар белгіленбеген. Осыған байланысты, ең алдымен, жиналысты өткізудің барлық нысандарын: келу тәртібін, бейнеконференцбайланыс, жазбаша сауалнама арқылы регламенттеу және қандай да бір нысанды таңдау жүзеге асырылатын жағдайларды көздеу қажет. Сондай-ақ, МИБ төрағасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіз сервистік қызмет көрсету, үйге ортақ есепке алу аспаптарын тексеру, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану (лифттерге қызмет көрсету және т. б.) және авариялық жағдайлардың алдын алу және т.б. міндеті жоқ. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға көзделген пәтер иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының ақшалай қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік жоқ. Алдын алу шаралары, сондай-ақ бастапқы кезеңде қылмыстың жолын кесу мақсатында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға көзделген пәтер иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының ақшалай қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті криминализациялау мәселесін қарау ұсынылады. Тағы бір олқылық Заңда меншік иелері өкілдерінің (сенім білдірілген тұлғалардың) жиналысқа қатысу құқығының болмауы, осыған байланысты кейбір меншік иелері өткізілетін жиналыстарға қатыса алмайды. Өтініштер мен шағымдарды талдау бүгінгі күні тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің құқықтарына қысым жасалатынын көрсетті. Осылайша, 2020 жылы түзетулер қабылданғаннан кейін тұрғын емес үй-жайлар мен пәтерлердің иелері арасында мүлікті ұстауға арналған шығыстар біркелкі бөлінеді, ал пәтер иелерінің пайдаланылуына арналған үй-жайлардың көпшілігін тұрғын емес үй-жайлардың иелері пайдаланбайтындықтан бұл тұрғын емес үй-жайлардың иелері тарапынан наразылық тудындатады. Тұрғын емес үй-жайлардың иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға тек тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға байланысты бөлігінде ғана қатысады деген норманы енгізу ұсынылады. Тұрғын емес үй жайлардың меншік иелері үшін кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған ай сайынғы шығыстардың өзге мөлшерін белгілеу жөніндегі жиналыс құқығын алып тастау қажет деп санаймыз. Бұл ұсыныс тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің құқықтарын қорғауға және КТҮ-ні басқаруға пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың қосымша меншік иелерінің қатысуының тең емес жағдайларын болдырмауға бағытталған. Кондоминиум объектісін басқару саласындағы тағы бір маңызды мәселе ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі болып табылады. Осыған байланысты, осы институт еліміз үшін жаңа болып табылатындықтан және азаматтардың көпшілігінің мүдделерін қозғайтындықтан уәкілетті органның тарапынан кондоминиум объектісін басқару мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету қажеттігі туындайды. Осыған байланысты, кондоминиум объектісін басқару мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлігінде уәкілетті органның құзыретін толықтыру қажет деп санаймыз. Қорытындылай келе, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деп белгілегенін атап өткім келеді. Жоғарыда аталған ұсыныстарды іске асыру тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіруге және оның нормаларын дұрыс қолдануға жәрдемдеседі, бұл тиісінше азаматтар тарапынан болатын шағымдардың санын азайтады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |