Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 7-қосымша
«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қағидасы
1. Осы «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Лицензияны алу және/немесе қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші портал арқылы қабылданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|