«Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеушілік құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларында: 3-1-параграф мынадай редакцияда жазылсын: «3-1-параграф. Қолданыстағы реттеуші актілерді талдау 17-1. Қолданыстағы реттеуші актілерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар міндетті талаптар тізілімінде белгіленген мерзімдерде жүргізеді. 17-2. Қолданыстағы реттеуші актілердің тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуді және Кодекстің 81-1-бабында көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін бағалау олардың талдау нысанасы болып табылады. 17-3. Талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындау арқылы жүргізеді: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеуші құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды толтыру; 2) осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес реттеуші актілерді талдаудың талдамалық нысанын толтыру; 3) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|