Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 32.1-32.01/808-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы, Наурызбай, Алатау, Әуезов, Медеу және Жетісу аудандары, Ахрименко көшесінен Алтын Орда көшесіне дейін, Жетісу көшесінен Пушкин көшесіне дейін орналасқан жер учаскелерін Райымбек даңғылын қайта жаңарту, жүріс бөлігін қайта ұйымдастыра отырып, жылдам жүретін қоғамдық көлік (BRT) желісін салу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарын, көпірлер мен велосипед жолдарын абаттандыру үшін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. 2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін. 3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 602-кеңсе болып белгіленсін. 4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін. 5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: 1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін хабардар етсін және меншік иелеріне жер учәскесінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін; 2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|