Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына бюджет қаражаты есебінен елді мекеннен тыс жерлерде емделуге ақысыз жол жүруді ұсыну туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 16/6 шешімі
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/14 шешімімен күші жойылды
«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Медициналық көрсетілімдер бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылып, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болса, емделуге жолданған Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына, сондай-ақ медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының хаттамасында еріп бару жөнінде ұсыныс болса, пациентпен еріп баратын тұлғаға (бір адамнан артық емес) елді мекеннен тыс тегін жол жүру ұсынылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|