«Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киім үлгілерінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет) мыналар кіреді: 1) сұр түсті берет; 2) қою көк түсті пиджак; 3) сұр түсті белдемше; 4) жеңі ұзын ақ түсті жейде; 5) жеңі қысқа ақ түсті жейде; 6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук; 7) қою көк түсті тері күрте; 8) қою көк түсті теріден жасалған құлақшын; 9) сұр түсті кашне; 10) қара түсті жылы етік; 11) қара түсті туфли; 12) сұр түсті шалбар. 2-сурет. Ескертпе: 1 - күнделікті форма; 2 - жазғы форма; 3 - қысқы форма; 4 - шалбары бар күнделікті форма.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Ерлер мен әйелдерге арналған май және су сіңдірмейтін және жарыққа шағылысатын элементтері бар сары түсті мақта матадан жасалған сигналдық кеудеше (3-1-сурет): 3-1-сурет Ескертпе: 1 - алдыңғы бөлігі; 2 - арқасы.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|