«Әкімдіктің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 294 «2017 жылға арналған субсидиялауға жататын нақты өндірген, сатып алған, пайдаланған тұқымдардың шығындарын ішінара өтеуге үшін квоталарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 450 Қаулысы
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 15-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 294 «2017 жылға арналған субсидиялауға жататын нақты өндірген, сатып алған, пайдаланған тұқымдардың шығындарын ішінара өтеуге үшін квоталарын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7127 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-тармақта: 1) тармақшасы алынып тасталсын; 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы бір уақытта бірегей тұқым өндіруші болып табылған жағдайда, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген суперэлиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;»; көрсетілген қаулының 3 және 4-қосымшалары осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|