«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Шоттар жоспары»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Шоттар жоспарының бөлімдері»; 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары»; 9-тармақтың екінші бөлігінде: жиырма төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1261 - «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», мұнда есеп беретін тұлғалармен оларға іссапар шығыстарына берілетін сомамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз жолмен жүргiзiлуi мүмкін емес шығыстарды төлеу үшін берілген есеп айырысулар есепке алынады;»; жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1263 - «Өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 12-тармағының 20-тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес іссапар шығыстарын берумен байланысты операциялар есепке алынады;»; 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|