|
Жарма ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары; осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі; осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Жарма ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын. 2. Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 52/499-VI «Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды белгілеу, олардың пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7868 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 4 наурыздағы № 11/210-VIII шешіміне 1-қосымша
Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|