Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына
ҚР Президентінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 292 Жарлығымен мақұлданды
2017 жылғы 25 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі - ШЫҰ немесе Ұйым) және Үндістан Республикасы, 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясында (бұдан әрі - Хартия) бекітілген мақсаттар мен қағидаттарды және 2007 жылғы 16 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартының (бұдан әрі - Шарт), сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қабылданған басқа да халықаралық шарттар мен құжаттардың ережелерін ұстанатынын растай отырып, 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің (бұдан әрі - МБК) Үндістан Республикасын Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылдау рәсімін бастау туралы 2015 жылғы 10 шілдедегі № 3 шешімін негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Меморандум халықаралық шарт болып табылады және Үндістан Республикасының ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында қабылдаған міндеттемелерді қамтиды.
2-бап. Үндістан Республикасының жалпы міндеттемелері
Үндістан Республикасы Хартияның, Шарт ережелерінің мақсаттары мен қағидаттарын, сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен құжаттарды сақтауға міндеттенеді.
3-бап. Үндістан Республикасының ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қосылуы
3.1. Үндістан Республикасы ШЫҰ шеңберінде қабылданған барлық халықаралық шарттар мен құжаттарға осы бапта көзделген мерзімде қосылуға міндеттенеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|