2025 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) 2025 жылға арналған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялар тізімі мен нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес.; 2) 2025 жылға тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) арналған субсидиялар көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 28 мамырдағы № 141 қаулысына 1-қосымша
2025 жылға арналған тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізімі мен нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|