Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 38-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 39-қосымша
«Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (2022.18.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және үстеме пайда салығын есептеуге арналған «Үстеме пайда салығы бойынша декларация» салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жасалады. 2. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 4. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі. 5. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз жеткізгіште - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық нысанда - Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|