Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 бұйрығына 1- қосымша
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтары мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық зерттеп-қарау жүргізілуін нақтылайды. 2. Осы Нұсқаулықта мынандай терминдер пайдаланылады: 1) акведук - ерекше мақсаттағы жасанды құрылыс, оның ішінде кеме қатынасына арналған көпір арналар, суару арнасы немесе су құбырына суағындысына арналған көпірлер, лотоктар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|