Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 286 бұйрығымен күші жойылды
«Ағаш кесу және орман билетін беру» (2016.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Берілген рұқсаттар туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2016.23.06. № 270 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты - 30 минут; 3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты - 30 минут. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен сүрек дайындау көлемінің, Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-20) тармақшасына сәйкес орман иеленушімен келісімделген кеспеағаштарды игерудің технологиялық карталарының болмауы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудан дәлелді бас тарту береді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз түрінде ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|