ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ «GOLD PRODUCTS» ЖШС
Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын, елді мекендер мен қалалар көшелерін жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін әзірлеу әдістемесі, сондай-ақ жол қызметін басқару бойынша ҰСЫНЫМДАР ҚР Ұ 218-ХХХ-2019
Нұр-Сұлтан 2019
Мазмұны
1.1. Осы ұсынымдар қыс мезгілінде ұстауды және жол қызметін басқаруды қоса алғанда, жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) әзірлеу тәртібін белгілейді. Ұсынымдар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II Заңына сәйкес әзірленді және қаржы ресурстарының қажеттілігін жоспарлау және жол қызметін жүзеге асыру кезінде автомобиль жолдарын басқарудың мемлекеттік органдарының мынадай бағыттар бойынша іс жүзінде қолдануына арналған: - автомобиль жолдарын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктерін іске асыру; - автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау талаптары мен нормаларын белгілеу; - автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге және ұстауға арналған бюджеттік қаржының көлемін анықтау; - автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру үшін баға параметрлерін орнату. 1.2. Ұсынымдар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге және ұстауға, сондай-ақ осы мақсаттарға бюджеттен бөлу үшін қаржы бөлу мөлшерін анықтау мақсатында жол қызметін басқаруға арналған қаржы шығындарының нормативтерін есептеуге мүмкіндік береді. 1.3. Ұсынымдар I-V санатты жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына қатысты болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|